Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

23 ақпан, 14:40

Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында тасжолда болған жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасы 23 ақпанда Самара - Шымкент тасжолында болған. 915-шақырымда КамАЗ жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Volkswagen Sharan маркалы автокөлікке соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан Volkswagen Sharan көлігінде отырған төрт жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации