Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ұсталды

12 наурыз, 14:38

Фото: facebook.com

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов ұсталды.

Алматы, NEGE. Сайтымыз бұған дейін аталған тақырып төңірегінде бірнеше мақала жариялады. Құзырлы мекемелерге ресми сауал да жолдадық. Бірақ ешбірі бұл ақпаратты растап не жоққа шығарған жоқ. Әйтпесе, ақпанның аяғында Мамуновтың ұсталғанын және оған қандай айып тағылғанын нақтылап жаздық.

«Антикоррупция қызметі Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Ведомство мәліметінше, Мамунов қазіргі уақытта қамауда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации