Ақсуда банкоматты кім жарғаны белгілі болды news video

28 ақпан, 18:28

Ақсу қаласының жедел уәкілдері 1995 жылы туған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы. NEGE. Оған қатысты қасақана өрт қойып, жарылыс жасаған, қауіпті жолмен бөтен адамның мүлкін қасақана зақымдады деген күдік бар.

27 ақпан күні түнде қаланың кезекші полиция бөліміне «Еуразиялық Банк» АҚ күзет қызметкерінен Ақсу қаласында орналасқан Банк филиалында банкомат жарылғандығы туралы хабарлама келді.

Азамат банкоматты өз мақсатында пайда көру үшін қасақана жарды. Анықталғандай, банкоматта ақша болмаған.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабы 1-тармағы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации