Ақсуда банкомат жарылды
28 ақпан, 16:00

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Хабар-24.
Алматы. NEGE. Еуразиялық банк бұл жағдайды растады, жарылыс себебі тергеу шараларынан кейін белгілі болады.
«27 ақпанда кешкі сағат 22:50-де кезекші бөлімге Пушкин 51 мекенжайында орналасқан Еуразиялық банктің банкоматы жарылғаны туралы хабарлама түскен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» – делінген полиция таратқан ақпаратта.