АҚШ-та қайғылы рекорд орнады

08 сәуір, 20:40

Фото: 24.kz

Медицинасы дамыған АҚШ-тың өзінде бір тәулік ішінде 1736 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Алматы, NEGE. АҚШ-та 400 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Оның шамамен 13 мыңы көз жұмды. Көбі – Нью-Йорк штатының тұрғыны. Аурулар қатары күн санап мыңдаған адамға артып жатқандықтан, ауруханалар оларды қабылдап үлгермей жатыр. Науқастардың бір бөлігі енді шіркеуге орналастырыла бастаған. Мәселен, Нью-Йорктегі Иоанн Богослов кафедралдық шіркеуінде арнайы 9 шатыр құрылып жатыр. Оған 200 науқас сияды. Мәйіт көбейген соң Пентагон өңірге жерлеу бригадасын аттандырды. Сондай-ақ мың әскери дәрігер де келіп жетті.

АҚШ-тағы вирус құрбандарының арасында афроамерикалықтар көп. Құқық қорғаушылар елде медициналық қызметтің нәсіліне қарамай, бәріне бірдей қолжетімді болуын қадағалау қажеттігін айтады. Осы пандемия 10 миллионға жуық америкалықты жұмыссыз қалдырды. Сол себепті жұрттың бір бөлігі сақтандыру полисіне ақша аудара алмайды. Сондықтан емделу шығынын өтеу оңайға соқпай тұр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации