АҚШ округтік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы шешім шығарды

21 мамыр, 17:42

Фото: caravan.kz

Алматы әкімдігі мен «БТА Банк» талап-арызы бойынша Нью-Йорктың оңтүстік округі бойынша АҚШ округтік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы шешім шығарды, деп хабарлады Қазақстанның әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «2020 жылғы 20 мамырда Нью-Йорктың оңтүстік округі бойынша АҚШ округктік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы шешім шығарды.
Мүддесін Әділет мнистрлігі білдіретін Алматы қаласының әкімдігі, және БТА Банк талапкерлердің талап-арыздарын растайтын ақпаратты жауапкерлердің әшкерелеуін талап еткен еді. Тараптардың ұстанымдарын зерделеп болып, сот Ильяс пен Виктор Храпуновтарды сотпен «мысық-тышқан ойынын» әдейі ұйымдастырды және олардың бұл іс-әрекеті жазалануға тиіс деген шешімге келді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Әділет министрлігінде мәлімдегендей, «сот Ильястың жоғалған электрондық хаттар туралы сылтауларын ақылға қонбайды деп таныды».
«Бұған дейін, сот Мұхтар Аблязовтың осыған ұқсас іс-әрекетін жазалаған еді. Ол кезде Аблязов дәлелдемелерді әшкерелеу процедурасы барысында құжаттарды ұсына алмаған болатын. Сот Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банктің талап-арыздарына тікелей қатысы бар белгілі ақпараттың Храпуновтардың естерінде жоқ екендігі туралы мәлімдемелерін жалған деп таныды. Сот Ильясты тиісті айғақтарды жойған деп тұжырымдады», - делінген хабарда.
ҚР ӘМ ақпарынша, «Судья Ильяс пен Виктор Храпуновтарға Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банк заңгерлеріне кеткен шығындарын төлеуді бұйырды».
«Сонымен қатар, сот Храпуновтардың бұдан былай белгілі дәлелдемелерді ұсыну құқығы болмайды және алқа билерге Ильястың дәлелдемелерді әдейі жойғандығы және жойылған дәлелдемелер мәлімделген талап-арыздарды қолдайтын еді деген нұсқау беріледі деп қаулы етті. Бұған дейін, сот Мұхтар Аблязовқа да қатысты алқа билерге дәл осындай нұсқау берілетіндігі туралы қаулы еткен еді», - деді әділет минінен.
Сондай-ақ, хабарда атап өтілгендей, «Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банкінің Феликс Сатерге қарсы қатар жүріп жатқан сот процесінде де сот талапкерлердің пайдасына шешім қабылдады».
«Жауап алу барысында Сатер Храпуновтар мен Аблязовтың Алматы қаласында тыңшылары бар екендігі және оның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнуі мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Сот өзінің шешімінде Аблязовтың 2018 жылы Қазақстанда БТА Банктің бұрыңғы басшысын өлтіргені және көптеген басқа да қылмыстар үшін сотталғандығын ескере отырып, Сатердің қорқынышы сенуге тұрарлық екендігін атап өтті», - деп мәлімдеді ҚР ӘМ.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 8 қазанда Алматының бұрынғы әкімі В.Храпунов 17 жылға, оның әйелі Л.Храпунова 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім сырттай шығарылды.
В. Храпуновқа қатысты қылмыстық іс 2011 жылдың 22 қарашасында бірқатар сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстарды жасағаны туралы факті бойынша ашылды. Оқшаулау шарасы ретінде сот оны қамауға алуға санкция берді. 2012 жылғы 8 ақпанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекетаралық іздеуді бастады.
В. Храпунов отбасымен бірге Швейцарияның Женева қаласы орналасқан Вале кантонында тұрады. Сонымен қатар, Алматы қаласының бұрынғы әкімінің ұлы Ілияс Храпуновқа да халықаралық іздеу жарияланды. Оны іздестіру бағыты Интерполдың веб-сайтында жарияланды. І. Храпуновтың ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық жасау, қылмыстық қауымдастыққа қатысу және заңсыз тапқан алынған ақшаны заңдастыру немесе басқа да мүлікті заңдастыру туралы күдікті деп танылды.
2013 жылдың тамызында Қазақстан қаржы полициясы Храпуновтарға қарсы қылмыстық істі тергеу барысында Швейцария Конфедерациясының құзыретті органдарына заң көмегі үшін халықаралық тапсырыс жіберілгенін хабарлады. Заң көмегін көрсету жөніндегі нұсқаулықта келтірілген құжаттар мен дәлелдер Швейцарияның уәкілетті органдары тарапынан зерттелді және талданды, нәтижесінде Швейцария Конфедерациясының аумағында Храпуновтарға қатысты қылмыстық қудалау басталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации