Үш облыстағы тас жолдар уақытша жабық

27 ақпан, 10:51

Фото: tengrinews.kz

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы барлық тас жолдар уақытша жабық, деп хабарлады ҚазТАГ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы барлық тас жолдар уақытша жабық. Ауа райының қолайсыздығынан жеті облыстағы қашықтығы 3944 шақырым болатын 25 жол учаскесінде, яғни республикалық маңыздағы жолдардың 15,8%-да көлік қозғалысы уақытша шектелді», - деді ұлттық компанияның баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Оның ақпарынша, бүкіл республика бойынша 729 бірлік техника жұмыс жасап жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации