Ақмола облысы карантинге жабылады

30 наурыз, 12:40

Фото: inform.kz

Ақмола облысы карантинге жабылады, - деп хабарлайды Сoronavirus2020.kz сайты. 

Алматы, NEGE. Жедел штабтың отырысында 31 наурыз сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысы аумағын карантинге жабу туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 11 адамға жетті. Ал Қазақстан бойынша 293 адамнан коронавирус анықталып отыр.

Мұның алдында Қазақстанның тағы алты қаласы карантинге жабылып, Ақтауда ерекше жағдай енгізілгені хабарланған еді. Алты қала тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынды, тек азық-түлік, дәріхана, банк қызметтері мен жұмысқа баруы үшін шыға алады.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации