«Аққу-3» тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

31 шілде, 10:13

Фото: google.com

Ақтауда 33-шағынауданда орналасқан «Аққу-3» тұрғын үйінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықов мәлім етті.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, аталған нысан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатыр.

«Осы бағдарлама аясында бірнеше көп пәтерлі тұрғын үй салынуда.

Атап айтсақ, 33 шағынауданда 670 пәтерден тұратын «Аққу-3» тұрғын үйі құрылысының аяқталуын тұрғындар көптен бері күтіп жүр. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған», – деді бөлім басшысы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации