Айттың бірінші күні 17 997 мал құрбандыққа шалынды

01 тамыз, 09:50

Фото: google.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) қоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, – деп хабарлайды ҚМДБ-ның ресми сайты.

Алматы, NEGE. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында WWW.QURBAN2020.KZ сайтын іске қосқан болатын.

Жобаның мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну, т.б.

«Құрметті қауым!

WWW.QURBAN2020.KZ жобасы бойынша жүйелі есеп беріп тұратынымыз жайлы осыған дейін өздеріңізге хабарлағанымыздай, 2020 жылдың 31 шілдесі сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша республика деңгейінде 3225 адам құрбандық шалуға тапсырыс берді. Бұдан бөлек 1000-нан астам адам Алла разылығы үшін қосымша құрбандық малын әкеліп тапсырды.

Құрбан айттың бірінші күнінде еліміз бойынша 4 700 мал шалынды. Оның ішінде қой – 4341, ірі қара – 274, ешкі – 83 , түйе – 2. Бұған қоса 22 кәсіпорын мен мекемелер құрбандық малын тапсырды. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 17 997 отбасыға құрбандық еті таратылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации