Аймағамбетов: Cынама сабаққа 1 млн 250 мың бала кірді

03 сәуір, 18:10

Фото: sputniknews.kz

 Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов еліміздегі оқушылардың 6 сәуірден бастап қашықтан оқытуға байланысты дайындығын тағы бір пысықтады. 

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, еліміздің оқушыларына қашықтан оқыту жүйесі "Еларна", "Balapan" телеарнасы, Қазақ радиосы, Қазпошта, Интернет желісі арқылы жүзеге асады. 8 сағат өтеді, әр сабақ 30 минут. Бұл бейнесабақтар арнайы платформаларда сақталады. Оның бәрі оқу бағдарламасына, оқулыққа сәйкес түсірілген. 

"1 сәуірде сынама сабақ өтті. Оған 1 млн 250 мың бала кірді. Ұстаздар аз уақытта бұл жүйеніи меңгеріп үлгерді. Әрине, балалар мұғалімдерін сағынып қалғанын байқадық" деді министр. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации