Әйелімен араздасып қалған ер адам өзіне қол жұмсады

31 наурыз, 17:05

Фото: ғаламтордан алынды

Оқиға Ақтау қаласында болған.

Алматы, NEGE. 30 наурызда сағат 18:30 шамасында Ақтауда №3 ықшамауданның тұрғыны пышақ жарақатымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнында 46 жастағы ер адамның қарнының алдыңғы қабатына пышақ жарақаты салынғанын және ол гиповолемиялық шок жағдайында болғанын анықтады. Ол облыстық ауруханаға қабылдау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оған ота жасады. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағаланады, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам баласын алып, үйден кетіп қалған әйелімен арада болған жанжалдан соң өз-өзіне қол жұмсағанын атап өтті.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері болды. Сол арада ер адамның неге бұлай жасағаны белгілі болды. Енді оның өміріне ештеңе қауіп төніп тұрған жоқ. Полицияға ешкім арызданбаған, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации