Аида Балаева журналист Қуандық Шамахайұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

29 маусым, 15:22

Фото: inform.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден озуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.

Алматы, NEGE. «Журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден мезгілсіз озуына байланысты марқұмның отбасы мен айнала-жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Қуандық аға кәсіби шеберлігі жоғары, отандық ақпарат кеңістігінде өз ой-пайымы бар тұлға еді. Марқұмның жаны жанатта болсын!», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации