Абай поэзиясы орыс тіліне аударылды

20 ақпан, 18:23

Фото: inform.kz

Елордада ақын, аудармашы Орынбай Жанайдаровтың «Абай. Стихи и поэмы» атты кітабының тұсаукесері болды.

Алматы, NEGE. «1989 жылы Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым« өлеңін аударып, он шақты рет өзгерттім. Бұл оңай жұмыс емес. Әдебиет – ауыр еңбек, поэзия – тіптен қиын еңбек. Ол жалқаулық пен салғырттықты көтермейді. Аудармамен айналысқан кезде бар жаныңды салуың керек», – дейді кітап авторы Орынбай Жанайдаров.

Ғалым Шәкір Ибраев бұл кітаптың күнделікті жазылып жатқан кітаптардан ерекшелігі бар екенін айтты.

«Абайды тереңнен түсініп отырып орыс тіліне аудару – мәдени, рухани өміріміздегі ерекше оқиға. Абайды аударуға басқа да авторлар талаптанып көрген, бірақ олар Абайдың деңгейінде аудара алды деп айта алмаймыз. Олар кей жерлерін ақындық қиялға салынып, ұлт рухын бере алмай қалады» – дейді ғалым Шәкір Ибраев.

Сондай-ақ, ол Орынбай Жанайдаровтың Абайды аударуға үлкен дайындықпен келгенін айтты.

«Бұған дейін ол жыраулар поэзиясын, 15-18 ғасырдағы қазақ ақындарының өлеңдерін аударуда үлкен тәжірибе жинаған. Ол жылына Абайдың 3-4 өлеңін ғана аударған. Бұл осы жағдайға аса жауапкершілікпен қарағандығының белгісі», – дейді Шәкір Ибраев.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации