Абаевтың өтініші орынды ма?

26 наурыз, 16:20

Фото: facebook.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан айыққан екі қазақстандық туралы ақпарат сұрамауды өтінді.

Алматы, NEGE. 25 наурызда 2 емделушінің коронавирустан жазылып, ауруханадан шыққаны хабарланған еді. Олардың біреуі Алматы, біреуі Нұр-Сұлтанда емделген. Алайда басқа мәліметті таратуға болмайды.

«Ешкім коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіз сол азаматтардың орнына өзіңізді қойып көріңіз. Барлығы – өз азаматымыз. Олар өзіне қатысты жеке мәліметтерді жарияламауға құқығы бар. Біз оны сыйлауымыз керек.

Сонымен бірге, егер ол адамдар туралы қандай да бір ақпарат тапсаңыздар, ол кісілердің рұқсатынсыз ешкімге бермеуді сұраймыз. Оларды емдеу тәртібі туралы журналистерге дәрігерлер айтып береді. Мұндай сұхбат ұйымдастыруға дайынбыз», – деді министр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации