Біртановтың «В» жоспары бар ма?

13 наурыз, 17:54

Фото: Ғалым Смағұлұлы

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда екі адамнан коронавирус анықталғанын ресми мәлімдеді. Бұдан бөлек, «Б» жоспары іске қосылғанын айтты.

Алматы, NEGE. «Б» жоспары іске қосылды. Елде коронавирус жұқтырғандар анықталды. Сондықтан халықтың қауіпсіздігі үшін, ең алдымен науқастардың қауіпсіздігі үшін шаралар қолданылады. Олар бекітілген санитарлық стандарттар мен алгоритмдерге сәйкес, науқастармен байланысқан тұлғаларды іздеп, оларды оқшаулайды», – деді министр. 

Әзірге Алматыда төтенше жағдай жарияланбайтынын айтқан Біртанов қажет болған жағдайда шектеу шаралары қолданылатынын ескертті. 

Елде коронавирус жұқтырғандар анықталды, Біртановтың «Б» жоспары іске қосылды. Бәріне дайын болғанымыз жөн ғой, алда-жалда жағдай ушыға қалса, министрдің «В» жоспары бар ма?

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации