«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалары бойынша төлем шегерімдерін үйден шықпай-ақ алуға болады

30 наурыз, 15:00

Фото: islam.ru

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша төлем шегерімдерін алу үшін азаматтар өтінішті қашықтықтан жіберетін болады. Ол үшін өз банкіне хабарласу керек.

Кредиттік шегерімді келесі себептер бойынша алуға болады:

• жалақысы сақталмайтын демалыста болу, жұмыссыз қалу, еңбек шартын бұзу және басқа еңбек қатынастарын тоқтату;
• жалақыны немесе басқа кірісті төлеуді қысқарту немесе тоқтата тұру;
• төтенше жағдай және (немесе) карантин жарияланған аумаққа кіруге (шығуға) байланысты шектеулер әсерінен қызметкер жұмыс орнында бола алмаса;
• қаржылық жағдайдың нашарлауын көрсететін басқа себептер.

Клиент қаржылық жағдайының нашарлау себептерін көрсетіп, еркін түрде өтініш жазып, сол өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты сканерлеп немесе суретке түсіріп, өзіне несие берген банкке интернет арқылы жіберуі керек.

Бұл жерде одан бөлек құжаттар, мысалы, жұмыс орнынан анықтама талап етілмейді

Банктер өтінішті 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Егер жеке тұлғаның қаржылық жағдайының нашарламағаны туралы ақпарат болса, банк шегерім беруден бас тарта алады.

Төлемдерді тоқтаған кезде қарызды талап қою жұмыстары жүргізілмейді. Банктер берешекті өтеу қажеттілігі туралы клиенттерге хабарлама жібермейді.

Төтенше жағдай кезіндегі төлемдер шегерімі несие тарихын нашарлатпайды немесе бұзбайды

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша банктер шегерімнің мына түрлерін қолдана алады:
1. төленбай қалған сома несиенің қалған мерзімінде біркелкі төленеді;
2. несие мерзімі төленбай қалған мерзімге ұзарады;
3. Төленбай қалған сома несие мерзімі аяқталар соңғы 3-6 айға біркелкі бөліп беріледі;
4. Шегерім мерзімі аяқталғанда қарыз толықтай төленеді.

 

Банк

Шегерім тәртібі

Байланыс құралы

Bank RBK

Өтінімді www.rbk24.kz/social-help мекен-жайы бойынша немесе info@bankrbk.kz электрондық поштасына қабылдайды. Өтінімді қабылдағаннан және өңдегеннен кейін банк маманы клиентпен көрсетілген телефон нөмірімен байланысады.

Пошта info@bankrbk.kz
Колл-орталық 7888

Еуразиялық банк

Өтінімді www.eubank.kz веб-сайтында «Төтенше жағдайға байланысты (коронавирус) несиені кейінге қалдыру» бөлімінде қабылдайды.

Сайт www.eubank.kz

Колл-орталық

Қалалық нөмір: +7 (727) 332-77-22
Beeline +7 (771) 000 77 22
Tele 2/Altel +7 (700) 000 77 22
Kcell/Aktiv +7 (702) 000 77 22

АТФБанк

Өтінімді  www.atfbank.kz/support/otsrochka сайтында қабылдайды

www.atfbank.kz/support/otsrochka сайты

Колл-орталық:
2424 – ұялы телефоннан
8 8000 800 283 – қалалық нөмір

Jýsan Bank

Өтінімді info@jysanbank.kz поштасы, Jýsan мобильді қосымшасы арқылы қабылдайды

info@jysanbank.kz поштасы

Jýsan мобильді қосымшасы
Колл-орталық 7711
8 800 080 25 25

Forte Bank

Өтінімді Forte Bank интернет-банкингі мен мобильді қосымшасы арқылы қабылдайды.

Forte Bank интернет-банкингі мен мобильді қосымшасы
Колл-орталық 7575

Халық Банкі

Өтінімді www.halykbank.kz сайтында қабылдайды

www.halykbank.kz сайты
Колл-орталық 7111

Банк ЦентрКредит

Өтінімді fres@bcc.kz поштасына қабылдайды

fres@bcc.kz поштасы
Колл-орталық:
505 – ұялы телефоннан
8 (727) 244 30 30 – қалалық нөмір

Сбербанк

Өтінімді  komek@sberbank.kz поштасына қабылдайды

komek@sberbank.kz поштасы
Колл-орталық:
5030 – ұялы телефоннан
8 (727) 250 30 20 – қалалық нөмір

#72025 #баспана #ипотека
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации