661 көпбалалы отбасы тұрғын үй алды

25 ақпан, 17:54

Фото: 365info.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің халықтың тұрғын үй алуының қолжетімділігін арттыру бойынша тапсырмасын орындау аясында 661 көпбалалы отбасы тұрғын үй алды, оның ішінде 10 пәтер - демеушілік қаражат есебінен берілді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

Алматы. NEGE. "Бақытты отбасы" қалалық бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылармен 284 пәтер сатып алынды. "Бақытты отбасы" республикалық бағдарламасы аясында 236 тұрғын үй берілді (116 – көп балалы отбасыларға, 93 – толық емес отбасыларға, 27 – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға).
Білім беру желісі бойынша көпбалалы аз қамтылған отбасылардан шыққан 564 бала үшін (2 баладан бастап) балабақшаларда тамақтануға ақы төленеді. Мектептерде 22 126 бала "жаппай оқыту" қорынан тегін тамақтанады. Қазіргі уақытта осы санаттағы балалар үшін мектеп формасын және кеңсе тауарларын сатып алуға қосымша қаржыландыру қарастырылуда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации