65 жастан асқан азаматтарға көшеде жүруге болмайды

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың Қаулысына сәйкес, Қазақстанда 65 жастан асқан адамдардың көшеде жүруіне шектеу енгізілді.
Алматы, NEGE. «65 жастан үлкен азаматтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың қозғалысын шектеу қамтамасыз етілсін», – делінген Бас санитардың 2020 жылғы 26 наурыздағы №27 қаулысында.
Одан бөлек, Қаулыда:
– 6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтан оқытуға ауыстыру;
– әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың ғимаратына шығарып салушы және күтіп алушы адамдардың кіруін шектеу;
– дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік бойы үйде оқшаулау қажеттігі туралы айтылған.