500 болды...
04 сәуір, 11:17

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтрғандардың саны 500-ге жетті. Түнде ғана бұл көрсеткіштен 26 адамға кем еді. Сондай-ақ тағы бір адам көз жұмды.
Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметінше, елімізде індет жұқтырғандардың саны артып, 500-ге жетті. Сондай-ақ тағы бір адам көз жұмды. Ол Түркістан облысының тумасы. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 11 адамның жағдайы ауыр, бір адамның халы тым ауыр екенін мәлімдеген.