42 500 теңге алу үшін өтінім беретін Telegram бот іске қосылды

Төтенше жағдайға байланысты берілетін 42 500 теңге төлем алу үшін Telegram мессенджеріне кіріп, https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өтіп, «Start» батырмасын басу қажет.
Алматы, NEGE. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:
1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
3. Электронды пошта мекенжайын енгізу;
4. Телефон нөмірін енгізу;
5. Банктік шоттың нөмірін енгізу (IBAN);
6. Өз өтінішін растау;
7. Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
a. сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы; b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі; c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
Қызметкер үшін:
1. «Қызметкер» батырмасын басу;
2. ЖСН енгізу;
3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
4. Электронды поштаның мекенжайын енгізу;
5. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
6. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
7. Өз өтінішіңізді растау;
8. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді: a. сіздің өтініміңіздің қабылданғаны туралы; b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі; c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап. Сонымен қатар жәрдемақыны 42500.enbek.kz сайтынан да рәсімдеуге болады.