40-тан астам балаға күрделі ота жасалды

18 ақпан, 20:03

Фото:

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалардағы остеосаркомалар кезінде ірі буындарды эндопротездеу бойынша бірегей операциялар жасалады. Остеосаркома – сүйектің сирек кездесетін қатерлі ісігі. Қатерлі дерт көбіне 10 жастан асқан балаларда жиі кездеседі.

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасында жыл сайын остеосаркомамен шамамен 15 жасөспірім ауырады. Барлық остеосаркоманың 50%-дан астамы тізе буынына жақын орналасады. Соңғы жылдары сүйек ісіктері кезінде жоғары мөлшерлі химиотерапияны енгізу арқасында басқа органдарға метастазданудың төмендеуі және өміршеңдік артты. Бұл көптеген жағдайларда (90%-дан астам) зақымданған аяқтарды сақтауға мүмкіндік берді. Яғни, осы аталған патологиясы бар балаларға кейбір асқынған жағдайларды қоспағанда, аяқ-қолдарды іс жүзінде ампутацияламайды.

 «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалар мен жасөспірімдердің сүйек саркомасы кезінде эндопротездерді қолдану арқылы аяқ-қолдарды сақтап қалу бойынша ота жасау 2012 жылдан бері жүргізіледі. Орталықтың заманауи модульдік эндопротездерді сатып алу мүмкіндігінің және қарқынды жоғары мөлшерлі химиотерапияны қолданудың арқасында органсақтаушы оталарды жасаудың мүмкіндігі артты, сондай-ақ балалардағы остеосаркоманы біріктіріп емдеу нәтижелері де жақсарды. Атап айтатын жайт, онкологиялық эндопротездер ортопедиялық протездерге ұқсас емес, ерекше мегапротездер болып табылады. Қазіргі таңда хирургиялық емдеудің осы түрі остеосаркомаға шалдыққан балалардың 90%-дан астамына жасалынады, ол өз кезегінде баланың әлеуметтік бейімделуі мен оның өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік береді», – дейді ауыр да, бірегей күрделі отаны жасайтын онкохирург, ПБХҒО балалар онкологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Бахрам Жұмаділлаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации