30 наурызда барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтайды

27 наурыз, 13:20

Фото:

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдесе, әкімдер А.Күлгінов пен Б.Сағынтаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жағдай туралы баяндады.

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында ағымдағы жылдың 30 наурызынан 5 сәуіріне дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметінен басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдар (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации