2 апта өмірі қалған балақайға көмек қажет

29 маусым, 18:02

Фото: Фейсбук парақшасынан

11 жастағы Балауса Нұржанқызы 1,5 жылдан бері лейкемия ауруына шалдыққан.  Ол Шымкент қаласының «Нұрсәт» ауруханасында жатыр. 

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта Балаусаның жағдайы күннен-күнге нашарлап жатыр. Денесіне түрлі жаралар шығып, бір аяғын баса алмай қалған.

Ауруханада қажетті ем қабылдап жүріп С гепатитін жұқтырып алған.

Науқас осы уақытқа дейін 7 рет химия-терапия қабылдаған. Алайда жағдайы жақсармады. Қазіргі уақытта ауруының емі Ресей мемлекетінде ғана болып тұр. Қажетті ем шараларын қабылдау үшін 250 000$-дан аса қаражат қажет. Ауруы асқынған Балауса әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұрауда.

– Балалардың бәрі бассейнге шомылады. Ал мен болсам, қарап отырамын. Тісім де, аяғым да ауырады. Мен ойнай алмаймын... Менің жата бергім келмейді! Жатсам да ыңғайымды таба алмаймын... Бақытты өмір сүргім келеді! Менің жазылғым келеді!, – деп жан айқайын білдірді Балауса.

«Нұрай» қайырымдылық қорының басшысы Қоңырбаев Болатбек бүгіннен бастап емге қаражат жинауды бастағанын желідегі парақшасында хабарлады.

Баланың өмірін өлімнен арашалап қалуға көмектессеңіздер екен!

@balausa_komek

Каспий голд: 5169 4971 2121 0987

ИИН: 8901 0640 1768

Камшат Оңғарбаева (анасы)

Тел.: 8702 850 3289

Толық ақпарат алу үшін 8702 850 3289 Камшат Оңғарбаева (Балаусаның анасы) немесе 8701 727 1070 Қоңырбаев Болатбек "Нұрай" қайырымдылық қоры @nurai_kory

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации