28 бала терезеден құлап кеткен

15 қыркүйек, 12:37

Фото: google.com

2020 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтанда балалардың терезеден құлау жағдайы 28 рет тіркелген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркін Отарғалымұлы онлайн брифинг барысында айтты.

Алматы, NEGE. «Жалпы, 2-7 жас аралығындағы балаларда терезеден құлау қаупі жоғары. Балалардың терезелерден құлауының басты себебі – оларды ашық терезе алдында қараусыз қалдыру. Өкінішке қарай, үйде ешкімнің қадағалауынсыз отырған бала аулада ойнап жүрген балалардың дауысын естиді. Дауысқа елеңдеген бала терезеге қарай барады. Осыған орай, құрметті ата-аналар, мен сіздерге бірнеше ұсыныс айтқым келеді. Біріншіден, баланың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін оларды қараусыз қалдыруға мүлдем болмайды. Екіншіден, жиһазды бала терезеге өздігінен көтеріліп шыға алмайтындай етіп орналастыру қажет. Үшіншіден, масадан қорғайтын тор баланы терезеден құлап кетуден сақтай алмайтынын есте сақтау керек. Келесі мәселе – терезеге бұғат орнату керек. Сонымен қатар, балаларға терезе алдында ойнауға болмайтыны туралы айту керек. Құрметті ата-ана, егер сіз осы ережелерді сақтайтын болсаңыз, балаңыздың өмірін сақтап қала аласыз», – деді Еркін Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, 2018 жылдан бері елордада балалардың терезеден құлау оқиғасына қатысты 70 жағдай тіркелген.

16 бала терезеден құлап мерт болса, 54 бала жарақат алған. Тек биылдың өзінде осындай 28 жағдай тіркелді.

«Құрылыс алаңдарында ересектердің биіктіктен құлап кету жағдайы саны өсіп келеді. 2020 жылдың басынан бері осындай 14 оқиға тіркелді. 14 қыркүйекте кілтін үйінде ұмытып кеткен астана тұрғыны пәтерге парапет арқылы кірмек болып, құлап кеткен. Алтыншы қабаттан құлаған ер адам оқиға орнында көз жұмды», - дейді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации