21 500 теңге: Өтініш қайта беру керек пе?

31 шілде, 09:53

Фото: google.com

Тамыз айында карантин екі аптаға созылатындықтан азаматтарға 42 500 теңгенің орнына – 21 250 теңгеден берілетін болды.

Алматы, NEGE. Осы соманы алу үшін азаматтар өтінімді қайта беруі керек пе? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.

«Бүгінгі күнге дейін 2,1 млн адам, соның ішінде проактивті форматта да 42 500 теңгені алған болатын (шілде үшін). Қазіргі уақытта бұл шаруамен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысып жатыр. Бұрын бір реттік әлеуметтік төлемді алған азаматтардың мәліметтері базада бар. Сондықтан оларға проактивті форматта төлем тағайындалады», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации