200 тәжік шекарада қалып қойды

18 наурыз, 11:30

Фото: azattyq.org

Қазақстан мен Өзбекстан коронавирустан қорғану шарасы ретінде шетелдік азаматтардың ел аумағына кіруіне уақытша тыйым салған соң Тәжікстанның 200-ге жуық азаматы 17 сағат қазақ-өзбек шекарасындағы бейтарап аймақта сарыла күтіп тұруға мәжбүр болды. Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Қазақ-өзбек шекарасында қалып қойған тәжікстандықтардың едәуірі әйелдер мен балалар. Тәжік азаматы Ресейден Отанына қайтар жолда Қазақстанның "Қапланбек" шекара бекетінен шығып, Өзбекстанның "Науаи" шекара бекетіне жетпей, екі арада қалып қойғанын айтты. Шекара наурыздың 16-сына қараған түні жабылған.

"Шекарашылар бізге Өзбекстан жағы елге тек өз азаматтарын ғана кіргізіп жатқанын айтты" деді өзін Абдулла деп таныстырған әлгі азамат.

Редакцияға келіп түскен бірнеше видеода шекарада ұзын-сонар кезекте тұрған көліктер мен адамдар (арасында балалар да көп) бейнеленген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации