200 қызметкері бар Атырау облыстық ауруханасы карантинге жабылды

04 сәуір, 14:45

Фото: Кaztag.kz

200 қызметкері бар Атырау облыстық ауруханасы карантинге жабылды, деп хабарлады ҚазТАГ «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. «Облыстық аурухана карантинге жабылды. Қазіргі таңда стационарда жатқан 200-ден астам қызметкер сол жерде 14 күнге қалады», - делінген сенбідегі хабарда.
Дәрігерлердің туыстарының айтуынша, медициналық мекемеде коронавирусты жұқтырудың тағы бір жағдайы анықталған.
«Облыстық тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің бұйрығы бойынша бізді карантинге жапты. Ертеңгісін жұмысқа келген барлық қызметкер 14 күн бойы карантинде болады», - деді аурухана дәрігері Саин Шомиров.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации