1 млн қазақстандық тұмауға қарсы вакцина алды

01 қазан, 17:59

Фото: ғаламтордан

 Тұмауға қарсы вакцинаны 1 миллион қазақстандық алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айында ЖРВИ-мен тіркелгендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 25% төмендеді. Осы вирустық инфекциялардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдануда. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар дайындалуда. Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша 1955 мекеме, соның ішінде 577 емхана жұмыс істейді. Олардың ішінде 12 300 учаскі бар. Емханаларда медициналық қызметкерлер мен пациенттердің санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауы үшін жағдай жасалуда», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, амбулаториялық-емханалық науқастардың тыныс алу жетіспеушілігін ерте анықтау үшін әр учаскі, әр емханаларға 25 мың импульстік оксиметр сатып алынды. «3 640 мобильдік топ қауіп тобына қызмет етуде. Қажет болған жағдайда мобильдік топтың құрамы көбейтіледі. Жоспарланған науқастарды қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, кеңес беруге Call-орталықтар жұмыс істейді», - деді вице-министр. Бұдан бөлек ол тұмаудың алдын алу үшін асқыну қаупі жоғары деңгейдегі адамдарға вакцинация жасалып жатқанын еске салды. Бұл бағытта 2 млн 200 доза сатып алынды. Қазіргі уақытта 1 миллиондай адамға жоспарлы екпе жасау жүргізіліп жатыр. «220 мың жүкті әйелдің 49 мыңға жуығы (22%) вакцинациядан өтті. Кем дегенде жүкті әйелдердің 40% егу жоспарланған», - деді Ажар Ғиният.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации