1 маусымнан балабақшалар қалыпты жағдайда жұмысын бастайды

22 мамыр, 14:58

Фото: 24.kz

1 маусымнан бастап елордадағы балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымының бәрі қалыпты жағдайда жұмысын бастайды.

Алматы, NEGE. «18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша «кезекші топтар» режимінде қайта бастады. Бүгінгі күні балабақшаларда балалар саны – 4134. Бұл – жалпы балалардың 7,4 пайызы», – деді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. Басқарма басшысының айтуынша, 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымы штаттық режимде, яғни қалыпты жағдайда жұмыстарын қайта бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы даярлық топтары 1 тамызға дейін балабақшаға барады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации