+1. Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

23 наурыз, 13:00

Фото: Nege.kz

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді деп хабарлайды, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз-қызметі.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында -  2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 61 науқас тіркелді.

Тақырыпқа орай: Енді 60. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күннен-күнге артып келеді

 

Қазақстанда барлық сақтық шаралары қолға алынса да, вирустың таралуын тоқтату мүмкін болмай тұр. Мамандардың айтуынша, вирустың белсенділігі алдағы сәуір айында өршиді де, содан кейін басылуы тиіс.

Фото: Cәрсенбек Қызайбекұлы

Вирус алғашқы шыққан елдерде, қазір аурудың белсенділігі түсе бастады. Мысалы, COVID-19 індетінің ошағына айналған Қытайдың Хубэй провинциясы мен ондағы Ухань қаласында соңғы тәуліктерде коронавирус жұқтырған бірде бір жаңа науқас тіркелмеген. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық комиссиясы хабарлады. Бұл – қаңтар айының аяғында осы өңір карантинге жабылған уақыттан бергі алғашқы жағымды жаңалық. 

Тақырыпқа орай: Коронавирусқа қарсы күрес: Қытай тәжірибесі

 

#карантин #коронавирус
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации