170 мекеме төтенше жағдай режимін бұзған

19 наурыз, 14:40

Фото: inform.kz

Жамбылдық полицейлер төтенше жағдай режиміндегі 400-ден астам ойын- сауық орындарының жұмысын тексерді.

Алматы, NEGE. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың республикада төтенше жағдай режимін енгізуіне және ҚР ІІМ министрі Е. Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде бірқатар шаралар қабылданып, уақытша шектеу қойылды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің жеке құрамы да қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылды.

«Кешкі-түнгі рейдте біздің қызметкерлер облыстың 413 мекемесіне барды. Оның 176-сы енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан өз жұмысын жалғастырған. Аталған мекемелердің әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның барысында ҚР ӘҚБтК-нің 476- бабының (төтенше жағдай режимін бұзу) талаптары таныстырылды», – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации