16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінен кейінгі 93 науқастың қатарына тағы 16 адам қосылды, олардың бәрі вирус жұқтырған жандармен қарым-қатынаста болғандар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 109-ға жетті. 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр, қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық. Олардың бәрі де коронавирус жұқтырғандығы расталғанда станционарда оқшауландырылған еді», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабараламада. Төрт науқас «Мәскеу – Алматы» рейсімен ұшып келген бір жолаушымен байланыста болған.
Олардың біреуі науқастың анасы, 2009 және 2017 жылы туған екі баласы және бір байланыста болған адам. «Екеуі – 16 наурызда Ыстамбұлдан, екеуі – 10 наурызда Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген, тағы біреуі – 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған», - делінген хабрламада. Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны – 19. Олардың бәрі қазіргі таңда 14 күндік үй карантинде.