14 сот коронавирус жұқтырған ба?

18 наурыз, 14:15

Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова әлеуметтік желілерде коронавирус жұқтырған 14 адамның сот қызметкері деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы. NEGE. Әлеуметтік желіде тарап жатқан хабарламада 17 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 адамның қалалық сотта жұмыс істейтіні айтылады. Хабарлама авторы қалалық соттың карантинге байланысты жабылғанын айтады.

"Бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтамыз, бұл фейк. Елорда судьяларының жұмысы тоқтатылған жоқ, қашықта жұмыс істейді", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации