137 қазақстандық елге қайтты

26 наурыз, 14:31

Фото: facebook.com

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанның Мексикадағы елшілігі Латын Америкасы мен Кариб елдерінен отандастарымыздың елге оралуына көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Алматы, NEGE. Осылайша, 13-25 наурыз аралығында 127 қазақстандық Доминикан Республикасынан, 4-і Мексикадан, 3-і Панамадан және 3-і Коста-Рикадан оралған.

«Аталған мемлекеттер халықаралық әуе қатынастарды тоқтату мен шетел азаматтарына халықаралық әуежайлардағы транзиттік аймақтардан шығуға тыйым салуларына байланысты бірқатар қиындықтар орын алған болатын. Осы кедергілерге қарамастан Мехико мен Мәскеудегі біздің дипломаттарымыздың үйлесімді әрекеттерінің арқасында көптеген ҚР азаматтарын Мәскеу арқылы транзитпен Қазақстанға аман-есен жеткізу жұмысы сәтті ұйымдастырылды», – деп хабарлайды Айбек Смадияров. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации