Қанат Ескендір

21.12.19 Бас шыршаны бұзып әкетті

«Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы бас шыршаны бұзып тастады», – деп хабарлайды YK-news.kz ақпарат порталы. Алматы, NEGE. 19 желтоқсан күні кешкісін орнатылған шырша әлеуметтік желіде елдің күлкісіне қалған еді. Тұрғындар жергілікті биліктің тірі шыршаны кескеніне налып, оған жұмсалған қаржының желге ұшқанын қатаң сынға алған. «2020 жыл табалдырығымызда тұр. Заман дамып бара жатқанда шырша кесу – заман талабына сай емес! Балаларымызды «Жасыл желекті сақтап қалайық» деген акцияларға үгіттейді де, өздерінің істеп жүргендері мынау?!», – деп ашына жазады Анна Хохленок деген жергілікті тұрғын. Бүгін азанымен орталық алаңдағы бас шыршаны бұзып әкетіп жатқан сурет әлеуметтік желіде пайда бола салысымен, халықтың наразылығы мен мазақ етуі үдей түсті.

21.12.19 Қазақстандық ауыр атлет «алтын» алды

Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Дохада Катар кубогы үшін өтіп жатқан лицензиялық жарыста алтын медальді жеңіп алды», – деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті. Алматы, NEGE. Дәстүрлі Катар кубогы үшін өтіп жатқан ауыр атлетика турнирінде Қазақстан үшін тұңғыш алтын медальді биылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Игорь Сон алып берді. Ол Дохада өтіп жатқан жарыста 61 келі салмақ дәрежесі бойынша 278 (124+154) келі салмақты көтеріп, қарсыластарынан озық түсті. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, екінші орынды (күміс) 270 келі салмақ көтеріп, түркіменстандық ауыр атлет Сейітжан Мирзаев, үшінші орынды (қола) 270 келіні көтерген италиялық Руи Давиде иеленген.

21.12.19 АҚШ-та Космостық әскери күш құрылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка әскери бюджетін бекіту салтанаты кезінде Космостық қарулы күштердің құрылғанын ресми жариялады. Алматы, NEGE. «Бүгін бізде аса маңызды тарихи сәт, біз енді Космостық күштер деп аталатын өзіміздің жаңа әскери әлеуетімізді әлемге ресми түрде таныстыратын боламыз», – дейді Трамп Fox News телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілген салтанатты шарада. Жаңадан құрылған космостық әскерді АҚШ-тың әскери әуе күштерінің (ВВС) генералы Джон Рэймонд басқаратын болады. Бұл бағдарламаға Америка бюджетінен 40 млн доллар бөлініп, бастапқыда 200 әскери қызметкер жұмыс бастайды. Жалпы, қорғаныс саласы үшін 2020 жылға АҚШ үкіметі 738 млрд доллар бөліп отыр. Осы қаражаттың ішінде Ресейге қарсы бағытталған арнайы бағдарламаға қатысты шара да қарастырылған.

18.12.19 Бозымбаев Ақорда мен Кітапханаға еркін кіріп-шығып жүр

Жамбыл облысына әкім болып келген кезде өңірдегі қу тілді журналистер «Жамбыл облысының бюджеті Бозымбаевтың отбасылық бюджетінен аз екен» десіп, қағытып жүретін.

17.12.19 Boeing ұшағын құрастыру уақытша тоқтатылды

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Boeing компаниясы өз жұмысын уақытша тоқтатуға шешім қабылдады. Компания жыл басынан бастап ұшақ құрастыру жұмыстарын тоқтатқанымен, тапсырыс бойынша осы кезге дейін құрастырылған 400 Boeing 737 MAX ұшағын өз клиенттеріне жеткізіп беру ісімен шұғылданатын болады. 

17.12.19 Аркадаг тағы да Ютубты жардыnews video

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов пен немересі Керим жаңа видос жасап, әлеуметтік желілерді дүр сілкіндірді. Керим Аркадагтың мәңгілік хиты "Каракумға" ремикс жасап, атасына тыңдатқан. 

17.12.19 Митингтерде барлығы 55 адам ұсталған

Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Алматы қаласында 23 адам ұсталды

17.12.19 Президентті өлім жазасына кесті

Пәкістанның Арнайы соты елдің бұрынғы президенті Первез Мушарафты өлім жазасына кесті