Динара Мыңжасар

08.04.20 Дәрігер тиісті үстемақыны да алмай ма?

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі енгізілген кезде облыс аумағында тұратын медицина қызметкерлері біраз қиындыққа тап болған. Кейбір ауруханалар мамандарын жатын орынмен қамти алмағандықтан пәтер іздеп кеткені көп. Бұл мәселеге ақпарат құралдары, соның ішінде Nege.kz тілшілері араласып, жатақханадан орын беріліп, шешімін тапқанын да айта кету керек. 

07.04.20 42 500 теңге кімге бұйырады?

Еліміз төтенше жағдай кезінде табысынан айрылғандар үшін көмек ретінде ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындады. Алайда, мұны естіген жұрттың көбі жапа-тармағай өтініш бергенге ұқсайды. Бәлкім, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірген мәселе халыққа дұрыс жетпеді ме екен? 

01.04.20 Тұңғыш Кесебаев, дәрігер: Біз қатардағы жауынгер сияқтымыз

Бізге ғана емес, бүкіл әлемге тұтқиылдан келген індет біраз құндылықтарды өзгертетін сияқты. Яғни, бұдан былай "карантинге дейінгі" және "карантиннен кейінгі" деп әңгіме бастайтын да шығармыз, кім білсін?! Шын мәнінде, біздің қоғам бүгінге дейін қандай еді? Біз адам жанын арашалап қалуға күш салатын дәрігерге қалай қарадық? "Ақ халатты абзал жан" деп сөз жүзінде құрмет көрсеткенмен, өз биігіне шығара алдық па? 

30.03.20 Қашықтан оқыту қалай жүзеге асады?

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шыққан еді. Әне-міне дегенше демалыс та бітуге таяу. Бірақ жаһан халқын тәубесіне келтірген вирустың беті қайтар емес. 

26.03.20 №7 аурухана қызметкерлері қаңғып жүргені рас па? 

Кеше Фейсбук әлеуметтік желісіне Майра Макеева атты қолданушы "Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қалалық 7 клиникалық ауруханасының назарына!"деп жанайқайға толы жазба қалдырды. 

21.03.20 Бақыт Нұратдинова, дизайнер: Көмегімді маска тігіп, тигізсем дедім

Қазір еліміздің әр өңірінде шама-шарқы көмегін әр түрлі жолмен жасағысы келген жандар көбейіп жатыр.

20.03.20 Алматы: Сарымсақтың келісі 7 мың теңге болған кез

Соңғы апта Алматы қаласы қымбатшылықтың құрсауында қалды. АҚШ долларының құны әп-сәтте 400 теңгенің үстіне шықса да, азық-түлік бағасының күрт өсуі байқала қоймаған еді.

18.03.20 Испаниядағы қазақстандық студенттер көмек сұрады

Дәл қазір коронавирус індеті Еуропа мемлекеттерінде өршіп тұр. Әсіресе, Италия мен Испания халқы едәуір зардап шегуде.