Шадияр Өстемірұлы
Самал Омарова маска тағуға шақырған әйгілі жарнамадағы қыздың өзіне қатты ұқсайтынын, «сол мен емес пе екен?» деген күдігін алғаш рет Nege.kz жария еткен болатын.
Үкімет пен депутаттарымызды жаңа да ескі тұлғалармен бір «жаңартып» алдық. Ендігі кезек министрлер мен әкімдерде.
«Былтырғы жылдың ең танымал фотосуреті қайсы?» десе, әрине, карантин шараларын сақтауға шақырған жарнамадағы бетін маскамен тұмшалаған жұмбақ қызды айтуға әбден болады. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылында тұратын Самал Омарованың «жарнамадағы қыз – мен-ау" деген күдігі бар.
Сайлау өтті. Жеңген партия бар. Енді ол жаңа үкімет жасақтауы тиіс. Барлық демократиялық елдерде солай. Бізде ше?
Ақ үйдің жаңа қожайыны Джо Байден тұсында АҚШ-тың сыртқы саясаты қалай өзгермек? Ресейдегі саяси дағдарыс немен тынады? Қазақстанның өзге геосаяси ойыншылармен қарым-қатынасы қалай түзілмек? Бір сөзбен айтқанда, жаңа жылда әлемдегі ахуал қалай өрбиді?
Сайлау өтті, бірақ әлі ресми қорытындысы шыққан жоқ. Жұрттың арасында мұны саяси спектакльге балаушылар көп. Сайлаудың әділ өткеніне күдік-күмәнмен қарайтындардың қарасы аз емесі белгілі. Десе де, бұдан үміт нышанын көріп отырғандар да табылып отыр. Сонымен, бұл сайлау қоғамға не береді? Не өзгерді, не өзгермеді? Әрі қарай не болады?
Дүниені иріп әкеп, інге тыққан тышқан жылынан балаша қуана құтылып, есігімізді айқара ашып кірген сиыр жылынан елдің күткен үміті көп. Десе де, бұл жолғы үміт қоңды кездегіден өзгешерек тәрізді...
Тышқан жылы несімен есте қалды? Әрине, ең алдымен, пандемия басқа сап етері сөзсіз. Ковид 19 жер-жаһанды жаулап алып, бүкіл әлемді үйқамақта ұстады. Десе де, елдегі өмір тоқтап қалған жоқ. Экономика тұралағанымен, саясат сағат тіліндей мүлтіксіз сырғып, іркілмеді. Жаға ұстатар оқыс оқиғалардан құр алақан емес.