Nege.kz экономикалық бөлімі

17.03.20 Төтенше жағдай кезінде төленбей қалған несиенің тарихы бүлінбейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тарапынан төтенше жағдай кезінде азаматтардың қаржылық жағдайының нашарлап кетпеуі бақыланады. Бұл туралы, жаңа ғана үкіметтің онлайн-отырысында ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымова хабарлады

16.03.20 Теңге құлдырағанда НЕГЕ үй алған дұрыс?

Көзі ашық жандар теңге құлдыраған сайын ақшаның құнын сақтап қалуға тырысады. Көбісі доллар алады. Ал ұзақ мерзімді инвестиция дегенде халқымыз жылжымайтын мүлік сынды тұрақты активке қаржы салғанды дұрыс көреді. Осы жерде алданып қалудан сақтану керек.

16.03.20 435-440. Теңгенің нағыз нарықтық құны осы ма?

Қазақстан қор биржасының түстен кейінгі сессиясына теңге 435 бағамымен кірмек. Бұл "овершут", яғни Ұлттық Банк араласпағандағы валюта бағамының құлдырауы дейді, сарапшылар. Егер овершут бітсе, онда теңге мұнай бағасымен байланысып, нарықта өзі реттеліп отырмақ. 

13.03.20 Теңгенің шынайы бағамы қандай?

Қазір азаматтар теңгенің жаңа бағытына бейімделе бастады. Бағамның 400-ге жетуі ешкімді шалқасынан түсірген жоқ. "Теңгенің ақпарат айдынында күтіліп отырған ең жоғарғы мөлшерлемесі - 420-430" дейді, сарапшы Владислав Туркин

13.03.20 Оффлайннан онлайнға. Қазақстандағы бизнес қалай өзгереді?

Бүгін жарияланған карантиннің әрбір күні отандық бизнес үшін ауыр соққы болмақ. Және "карантин неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым кәсіпкерлерге карантин алдындағы бағытын сақтап қалу қиындай түседі", - дейді сарапшылар.

12.03.20 3+: Үкіметтің антикризистік шаралары НЕГЕ жоғары баға алмады?

Мұнай бағасының кенеттен құлдырауына қатысты Үкіметтің жедел шаралары экономистер тарапынан қолдау таба қоймады. "Базалық ставканы бірден 3 пайызға жоғарлату - тым қатал монетарлық әрекет" делінсе, теңгені қолдауға бағытталған валюталық интервенциялар "мемлекет қаржысын желге ұшырумен" теңестіріліп отыр.

11.03.20 Қаржы министрлігі екі күн бойы облигацияларын сата алмай отыр

Қаржы министрлігі кеше Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-300, ал бүгін МЕУКАМ-120 облигациялық шығарылымдарын орналастыра алмады. Министрліктің ұзақ мерзімді құнды қағаздарына жекеменшік инвесторлардың бірде бірі қызықпай отыр

10.03.20 Бір сөзбен айтқанда: Бізді не күтіп тұр?

Кредит пен тамақ қымбаттайды, теңгемен салынған депозит көбірек табыс алып келеді. Осыдан үш жыл бұрынғыдай Ресейден зат тасып кетуіміз мүмкін. Түркия мен Египетті түсімізде көреміз. Экономистердің түсініксіз терминдерін Nege.kz халыққа түсінікті етіп жеткізбек.