Nege.kz экономикалық бөлімі

27.02.20 Гонконгтың әр тұрғынына 1300 доллардан таратылмақ

Гонконг билігі экономиканы жандандыру үшін әр тұрғынға 1300 доллардан таратып бермек. Ал азаматтар ол ақшаны керегіне жаратып, сол арқылы тұтыну индексі артуы мүмкін. Ол өз кезегінде экономиканы тұралаудан құтқарады

27.02.20 Кредит алып баюға бола ма?

Қазақстанда кредит алып байыған адамдар аз емес. Көбісі өз жағдайларын гиперинфляция дәуірінде, яғни 1991-1998 жылдар аралығында жақсартып алды. Олардың банктен алған қомақты қаржысы бір жылдан кейін түкке тұрмайтын тиын болып қалды

26.02.20 Өзбекпен өзара саудада НЕГЕ 5 миллиардқа жете алмадық?

Үкімет Өзбекстанмен арадағы сауда айналымын қалайда 5 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. Бір жағынан алғанда, қоян-қолтық отырған көршілер үшін 5 млрд деген көрсеткіш түк емес. Бірақ, соның өзіне жету оңай болмай тұр

26.02.20 Ортақ өгізден оңаша бұзауға дейін. Ипотека мен аренданың қайсысы дұрыс?

Сізде үй жоқ делік. Ипотека алуға мүмкіндік бар. Қиналмай пәтер жалдап та тұра аласыз. Ал енді таза қаржылық жағынан қайсысы тиімді? Ипотека ма, аренда ма? Nege.kz ипотека мамандары мен риелторларды тыңдап, осы бір қызық тақырыпты саралап көрді

25.02.20 Бізде тек қана алаяқтар жақсы жұмыс істейді

Ресми статистика бойынша соңғы он жылда 130 мыңға жуық қазақстандық алаяқтардың арбауына түскен. Бірақ бұл - "ерінбей" құқық қорғау органдарына арыз жазған азаматтардың саны. Ал қолын бір сермеген, өзінің алданып қалғанын жария етуден ұялғандар қаншама? Шын мәнінде алданғандар ресми статистикадан бес есе көп дейді, сарапшылар

24.02.20 Биыл тегін пәтер аласыз

Мемлекеттен тегін пәтер алудың бірнеше құпия жолы бар. Жалпы, ақша жинамай-ақ баспаналы болу үшін не істеу керек? Nege.kz жұрт біле бермейтін әдістерді бір жерге жинақтап, сізге ұсынуды жөн көрді. Мақаланы аяғына дейін оқысаңыз, үйлі болып қалуыңыз мүмкін.

21.02.20 Нашар несие тарихынан қазақтар қалай құтылады?

Несие тарихы әр қазақстандыққа жақсы таныс. Елімізде 3 миллионнан астам азаматтың несие тарихы бүлінгенін ескерсек, бәріміздің осы олқылықты түзеу жөнінде арагідік ойланатынымыз рас. Ендеше, бұл жолы жанымызға батып жүрген осы тақырыпты талқылайық. Несие тарихы дегеніміз не және оны қалай түзеуге болады?

21.02.20 «7-20-25» ипотекасын Қазақстанның Орнықтылық қоры сәтті жалғастыра білді

Қазақстан қор биржасында «Баспана» ипотекалық ұйымының мұрагері болып табылатын Қазақстанның Орнықтылық қорының (ҚОҚ) облигациялары тұңғыш рет сатылымға шықты. KASE-ге шыққан алғашқы күні ҚОҚ 16,4 миллиард теңге жинай алды.