Nege.kz редакциясы

10.04.20 Көлік жуу орталығының иелері жазаланды

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген көлік жуу иелері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Төле би даңғылында орналасқан көлік жуу жергілікті биліктің карантин кезеңінде қызметін тоқтата тұру туралы бұйрығына қарамастан жұмыс істеген. Белгілі болғандай, көлікті жуатын жұмысшылар әдеттегідей жұмысына шығып, тұтынушыларға қызмет көрсеткен. Алматы, NEGE. «Меншік иесінің және жұмысшылардың мұндай жауапсыздығын ешнәрсе ақтай алмайды. Заң бұзушылардың ешқайсысы олардың карантиндік режимді неге бұзғандарын түсіндіре алмады. Бәрі қосымша ақша тапқысы келгені түсінікті, бірақ елде төтенше жағдай жария етілген кезде халықтың денсаулығына қауіп төндіру – қылмыс. Нысанның барлық жұмысшылары, соның ішінде оның иесі де ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлімі (карантинді бұзу және басқа да міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Өзіңізді және басқаларды қатерге тігу ешқандай ақшаға тұрмайды, әсіресе, бұл заңмен тыйым салынса. Біз осындай нысандарды анықтап, карантиндік режимді бұзушыларды қатаң жазалайтын боламыз», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.  

10.04.20 Мамин: «Аймақтық сауда-саттық тәсілдерін қайта қарастыру қажет»

Премьер-Министр Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.  Алматы, NEGE. Қазақстан Үкіметінің басшысы Қазақстанның COVID-19 таралуымен күресу, экономиканы тұрақтандыру, тұрғындар мен бизнесті қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді. Бұл ретте ұлттық экономикалар деңгейінде ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында да дағдарысқа қарсы шараларды одан әрі қабылдау қажеттігін атап өтті.   Премьер-Министр АӨК өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі тауарлар импортын алмастыру және азық-түлікпен өзін-өзі толық қамтамасыз ету арқылы ЕАЭО-ның өзін-өзі қамтуын күшейтуі қажеттігін атап өтті.     Үкімет басшысы ЕАЭО-ға қатысушы елдердің экономикаларының қазіргі және әлеуетті бәсекелі артықшылықтарының негізінде өндірістік процестерді өңірлендірудің, Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай және басқа аймақтардан көшірілетін өндірістік активтерді тарту бойынша бірлескен тәсілдерді әзірлеудің, жаңа өткізу нарықтарымен байланысты қалыптастырудың, цифрлық технологиялар мен жасанды зердені қарқынды түрде дамыту үшін қолайлы жағдайларды белсенді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.   "ЕАЭО ұзақ мерзімді тұрақтылығы сауда үрдістерінің тұрақтылығына тікелей байланысты. Осыған байланысты бізге одақ аясында жасалатын тауарлар мен қызметтердің басымдығын ескерумен аймақтық сауда-саттықтағы тәсілдерді бірлесіп қайта қарастыру қажет", - деді Мамин. Премьер-Министр өзара саудадағы кедергілерді жүйелеу және одан әрі жою бойынша бірлескен жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті. "Қазіргі экономикалық дағдарыс біздің экономикаларымыз үшін сын-тегеурін ғана емес, мүмкіндік те болып отыр. ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмыс дағдарыс салдарын жұмсартуға ғана емес, ЕАЭО аясында құрылатын бағаның ұзақмерзімді өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін дамытудың іргелі факторларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді", - деді премьер-министр. Сонымен қатар, отырысқа Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румас, Молдова Премьер-Министрі Ион Кику, Қырғызстан Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.  Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасын дайындау бойынша жұмыс барысын, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану тетіктерін жетілдіру, электрондық сауданы дамыту, ұлттық ақпараттық жүйелерді жедел интеграциялау және басқа да мәселелерді қарады. Тараптар ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағындағы тез бұзылатын өнімдер экспортын рәсімдеуді тауардың шығуының сериялық сертификаты жүйесін енгізу арқылы жеңілдету туралы келісімге келді. Бұл шара ЕАЭО елдерінде тауарлардың шыққан жерін растайтын құжаттарды алуға жұмсалатын уақыт және материалдық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. "Сериялық" өнімнің шыққан жері туралы сертификат біртекті, сериямен шығарылатын өнімдерге 6 ай мерзімге бір рет беріле алады.  ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша COVID-19 пандемиясы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ЕАЭО шараларын қоса алғанда, бірқатар шешімдер, тапсырмалар және өкімдер қабылданды. Құжат тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласында өкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, кедендік тасымалдау баждарының мөлшерлемелерін уақытша есептемеу және кедендік рәсімдерді оңайлату жолымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың импорты үшін «жасыл дәліз» құруды, үшінші елдерге аса маңызды тауарлардың экспортына бірыңғай уақытша шектеулер енгізуді, сауданы және қолма-қол ақшасыз төлемдерді цифрландыруды ынталандыруды, вирусқа қарсы препараттар мен вакциналар жасау, олардың жаппай өндірісін жолға қою жөніндегі бірлескен іс-шараларды және басқа да шараларды қарастырады.   

10.04.20 «Асыл Арман» тәулік бойы бақылауда

Алматыда толық карантинге алынған «Асыл Арман» тұрғын үй кешені тәулік бойы бақылауда, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қарасай ауданында кентаралық аумақтардағы және карантинге алынған «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің айналасында орналасқан жаяу бекеттермен қоса негізгі жеті тосқауыл-бекет жұмыс істейді. Алматы, NEGE. «Аталған тұрғын үй кешені қазіргі уақытта біздің жіті бақылауымызға алынды. «Асыл Арман»ТК аумағы маңында тәулік бойы полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер қызмет атқаратын 6 жаяу бекет қойылған. Күзет орындарына түсетін нарядтар тиісті бақылау және тексеру жұмыстарын және азаматтармен профилактикалық іс –шараларды жүргізеді. Сонымен қатар,карантин режимі кезеңінде қауіпсіздік шаралары мен барлық белгіленген ережелерді сақтауға шақырады», - дейді Қарасай ауданы полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр. Барлық бекеттерде тәулік бойы жүз тәртіп сақшысы қызмет атқарады. Жаяу нарядтар Алтын Орда базарының Солтүстік қақпасы мен Іргелі ауылындағы жаңа құрылыс бағытындағы Құрдас-7 базарының маңында қойылды. Бүгінгі таңда Қарасай ауданындағы бекеттер : Жаңатұрмыс кентінің жоғарғы трассасы; Алтын орда базары; Алтын орда базары (батыс жағы); Кеміртоғанға бұрылыс (Ергелді кенті); Түрік бұрылысы; 71 разъезд; Ергелі ауылы Шұғыла көшесі, Алтын орда базарына кіреберіс; Абай көпірі; Алтын Орда базарының Солтүстік қақпасы мен Іргелі ауылындағы жаңа құрылыс бағытындағы Құрдас-7 базарының маңайларында орналасқан. «Асыл Арман»тұрғын үй кешені айналасындағы тосқауылдаушы бекеттер ТК орталық кіреберісінде, барлық жағындағы кіру/шығу жолдарында (батыс, солтүстік, оңтүстік), сондай-ақ індетке шалдыққан тұлғалар анықталған үйлердің жанында қойылған. «Құрметті азаматтар, карантиндік аймақ тұрғындары, сіздерді карантиндік режимді, қауіпсіздік және жеке бас гигиенасының барлық нормаларын қатаң сақтауға, сондай-ақ уақытша шектеулерге шыдамдылық танытуға шақырамыз», – деп толықтырды Асхат Данияр.

10.04.20 Маска бағасы 118 теңгеден көтерілмейді

Алматыда медициналық маскалардың бағасы 118 теңгеден көтерілмейді, деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова

10.04.20 Президент коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған қазақстандық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді

10.04.20 Полицейлер әнмен жерлестерін үйде отыруға шақырды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері өздерінің әнімен жерлестерін үйде отыруға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бір күннің ішінде Полиция департаментінің бір ғана аккаунтында “Біз біргеміз!” клипі 8,5 мың рет қаралған.

10.04.20 Ұрылар да карантинде отыр екен

Алматы облысында пәтер ұрлығының саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Биыл облыстағы пәтер ұрлықтарының жалпы саны 39,7 пайызға төмендеген, оның 91 пайызы жеке тұрғын үйлерде орын алған ұрлықтар болса, көпқабатты үйлердегі ұрлықтар саны 8,7 пайызға азайған.

10.04.20 Алматыда екі адам жазылып шықты

Алматыда қауіпті жұқпалы індеттен екі адам жазылып шықты

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421 422 423 424 425 426 427 428 429 430 431 432 433 434 435 436 437 438 439 440 441 442 443 444 445 446 447 448 449 450 451 452 453 454 455 456 457 458 459 460 461 462 463 464 465 466 467 468 469 470 471 472 473 474 475 476 477 478 479 480 481 482 483 484 485 486 487 488 489 490 491 492 493 494 495 496 497 498 499 500 501 502 503 504 505 506 507 508 509 510 511 512 513 514 515 516 517 518 519 520 521 522 523 524 525 526 527 528 529 530 531 532 533 534 535 536 537 538 539