Nege.kz редакциясы

14.04.20 Карантин кезінде балық аулағандар ұсталды

Алматы облысында карантин кезінде балық аулаған балықшылар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы облысының полицейлері бекеттен заңсыз аң аулаудан келе жатқан браконьерлерді ұстады. Алматы, NEGE. Таңертең 09.40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы Ақтоған және Шелек кенттерінің арасындағы жолдан “Ниссан” маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көлікте 34 жастағы жүргізуші мен 57, 41 және 38 жастағы үш жолаушы болған. Автокөлікті тексеру барысында олардан ластылары бар гидрокостюм, су асты аңына арналған гарпун – мылтық, шам, резеңке қайық және 140 килограммнан асатын ірі мөлшердегі түрлі балықтар – сазан, ақ амур, жыланбас балық, көксерке және ақтабан табылды. Ұсталған азаматтардың бірі өз кінәсін мойындап, аулау құралдары оның меншігі болып табылатындығын және табылған барлық балық гарпунның көмегімен Қапшағай суқоймасынан ауланғанын айтып берді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігі (айтарлықтай залал келтіре отырып балық ресурстарын заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.  

14.04.20 COVID-19 жұқтырғандар саны 1202-ге жетті

Қазақстанда тағы 23 адамнан коронавирус табылды

14.04.20 42500 теңге: Қай облыс тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалды?

2,4 миллионнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды. Бұл туралы BAQ.KZ  хабарлады. Алматы. NEGE. 2 млн 461 мың 653 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды.  14 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 4 млн 701 мың 179 азаматтан барлығы 6 млн 37 мың 660 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 336 мың 481 қайталанатын өтінім тіркелді, - делінген ведомство хабарламасында. Бірегей өтініштердің ең көп саны:   - Алматы облысы – 600 953; - Алматы қ. – 583 981; - Түркістан облысы – 577 885; - Нұр-Сұлтан қ. – 376 860; - Шымкент қ. – 308 981.  Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған:  - Алматы облысы – 374 734; - Түркістан облысы – 272 126; - Алматы қ. – 265 811; - Нұр-Сұлтан қ. – 282 215; - Жамбыл облысында – 161 745.  Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз.  МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.  Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады. Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:  –шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – жеке кәсіпкерлерге; – жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); – бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға; – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.

14.04.20 Жындарды қуамын деп полицейдің аяғын басып кетті

Алматыда полицейдің аяғын басып кеткен қаруланған ер адамның деструктив ағым ұстанғаны анықталды

14.04.20 Тонаушы қолға түсті

Ақтөбеде белгісіз адам карантинді бұзып, дүкенге ұрлыққа түскен. Ол түнде шағын маркеттен ақша мен азық-түлікті ұрлағысы келген.

14.04.20 Төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды

Мемлекет басшысы ресми сайтының хабарлауынша, елдегі төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды.

14.04.20 Түркия билігі коронавирусқа байланысты 90 мың адамды түрмеден босатады

Түркия парламенті коронавирусқа байланысты 90 мыңға жуық адамды түрмеден босату туралы заңнаманы мақұлдады. Бұл құжаттың қабылдануын 279 адам қолдап, 51 депутат қарсы шыққан, - деп хабарлайды DW.

14.04.20 Тұрғын үй құрылысының қарқыны төмендеді

Елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынының төмендегені байқалады, деп мәлімдеді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

14.04.20 Қайта сынама тапсырған 19 адамнан COVID-19 табылды

 Елордада қайта сынама тапсырған 19 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді.  

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421 422 423 424 425 426 427 428 429 430 431 432 433 434 435 436 437 438 439 440 441 442 443 444 445 446 447 448 449 450 451 452 453 454 455 456 457 458 459 460 461 462 463 464 465 466 467 468 469 470 471 472 473 474 475 476 477 478 479 480 481 482 483 484 485 486 487 488 489 490 491 492 493 494 495 496 497 498 499 500 501 502 503 504 505 506 507 508 509 510 511 512 513 514 515 516 517 518 519 520 521 522 523 524 525 526 527 528 529 530 531