Nege.kz редакциясы

23.04.20 Дүкен тонап, терминал бұзған топ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері терминал бұзып, дүкенге ұрлыққа түсті деген күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы, NEGE. Төлеби ауданында тәртіп сақшылары бірнеше дүкеннен ұрлық жасап, төлем терминалдарын бұзған қылмыстық топты, қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесті. Полиция бөліміне Ленгер қаласындағы дүкендердің бірқатар иелері арызданып, белгісіз азаматтар дүкендеріне заңсыз кіру арқылы азық-түліктерімен кассадағы ақшаларын ұрлап кеткенін көрсеткен. Сондай-ақ ұрылар бірнеше төлем терминалдарын бұзып, барлық қолма-қол ақшаны жымқырған. Аталған жайттарды полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық” бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Күдіктілерді ұстау мақсатында Төлеби АПБ-де тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары қылмыс орнын мұқият тексеріп, күдіктілерден қалған іздерді алып, жақын аймақтарды аралап, куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. Қабылданған шаралар нәтижесінде аудандық жедел уәкілдер дүкен ұрыларының ізіне түсті. Төлеби АПБ-нің полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті ретінде екі жұмыссыз жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында ұсталғандардың барлығы осындай 6 ұрлық жайтына қатысы бары анықталып, жәбірленушілерге 2 миллион теңге көлемінде залал келтіргені белгілі болды. Ағымдағы жылдың ақпан айында күдіктілер “Мерседес” автокөлігімен Леңгір қаласындағы дүкендердің біріне келген. Олар құралдарымен пластикалық терезелерді ашып, дүкенге кіріп, кассадан ақша мен азық-түлік өнімдерін ұрлаған. Содан кейін ұрылар төлем терминалын ашып, 150 мың теңгеден астам ақшаны да жымқырған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі жарты миллион теңгеден асты. Соңғы ұрлықтардың бірін ұрылар ағымдағы жылдың сәуір айының басында жасаған. Түнгі сағат екі шамасында күдіктілер өз автокөліктерімен аудан орталығының азық-түлік дүкенінің жанында тоқтаған. Есігін бұзу арқылы ғимараттың ішіне кіріп, тауар мен кассадан ақшаны, жинақ сандықшасынан “копилкадан” 300 000-ға жуық теңгені қолды қылған. Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктілер қамауға алынды. Тәртіп сақшылары күдіктілердің осыдан басқа да ұрлықтарға қатыстылығын анықтауда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Дүкендердің және тұрғын үйлердің терезелері мен есіктерін темір торлармен және сенімді құлыптармен нығайту керек. Сондай-ақ мүмкіндігінше бейнебақылау камерасын, күзет дабылқаққышын орнату қажет. Егер сіз бөтен мүлікті ұрлаудың немесе басқа да қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.  

23.04.20 Елімізде 536 адам індеттен айықты

Қазақстанда коронавирустен жазылғандар саны 536-ға жетті, деп хабарлады мемкомиссияның жедел штабы

23.04.20 Айырбас бағамы – Т432,24/$1

13.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т432,24/$1 болды

23.04.20 Алматыда 12,5 мың жұмыс орнын қамтитын 125 жоба іске қосылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жобалармен танысты

23.04.20 Руандадан да қалып қойдық

«Шекарасыз репортерлер» (RSF) халықаралық ұйымының ақпары бойынша Қазақстан баспасөз бостандығы индексінде 180 орынның 157-сіне орнықты, оның алдында Өзбекстан, Руанда және Түркия тұр, ал Сингапур, Судан және Бурундиде жағдай біздегіден де төмен екен

23.04.20 Індет 20 адамды жалмады

Қазақстанда коронавирустен 20-шы адам қайтыс болды, деп хабарлады мемкомиссияның жедел штабынан. Алматы, NEGE. «Алматыда коронавирусты инфекциядан тағы бір адам қайтыс болды. (…) Сонымен Қазақстанда COVID-19 дертінен 20 адам қайтыс болып отыр», - делінген бейсенбідегі хабарда. Жедел штаб ақпарынша, ол 1964 жылы туған Алматы тұрғыны екен.

23.04.20 Онлайн несие алып жүрген жігіт ұсталды

Түркістан облысы полицейлері өзгенің атынан онлайн несие алып жүрген жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы, NEGE. Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша бейтаныс азамат оның атынан жеке куәлігін пайдалана отырып, ғаламтор арқылы 75 000 теңге онлайн несие алған. Бүгінгі таңда ол қарызы 250 000 теңгеге жуықтап, көбейіп кеткен. Аталған СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркелді. Арызданушының арызына сәйкес, орын алған алаяқтықты анықтау мақсатында Сарыағаш ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Куәгерлерден жауап алып, жиналған ақпарат көздері арқылы полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні тұрғынның арызынан соң, 1 күн ішінде өз үйінен ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Аталмыш қылмыстың ақ-қарасын анықтауға кіріскен тергеуші Ерасыл Намазбаевтың анықтауынша, күдікті өзінің жымысқы ойын іске асыру мақсатында жәбірленушіден “туыстарым ақша салатын еді, каспи голдыңды бере тұрсаң”, деп алдап алғаны белгілі болған. Оған қоса, осыған ұқсас тағы 3 жайтқа қатысы бар болып шықты. Бұл деректерде алаяқ жігіт, біреуінің атынан 25 000 теңге, келесісінен 35 000 теңге, үшінші тұрғынның атынан 10 000 теңге несие алып, өз қажеттілігіне жаратып отырған. Бас шарасы – “қолхатта”. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

23.04.20 Гарэт Бэйл коронавируспен күреске 1 млн еуро бөлді

«Реал» ойыншысы Гарет Бэйл мен оның әйелі Эмма Уэльс Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

23.04.20 Үндістандағы қазақстандықтар елге оралды

Үндістанда емделген қазақстандықтар елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл мәселе Үкімет деңгейінде шешімін тапты.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421 422 423 424 425 426 427 428 429 430 431 432 433 434 435 436 437 438 439 440 441 442 443 444 445 446 447 448 449 450 451 452 453 454 455 456 457 458 459 460 461 462 463 464 465 466 467 468 469 470 471 472 473 474 475 476 477 478 479 480 481 482 483 484 485 486 487 488 489 490 491 492 493 494 495 496 497 498 499 500 501 502 503 504 505 506 507 508 509 510 511 512 513 514 515 516 517 518 519 520 521 522 523 524 525 526 527 528 529 530 531 532 533 534 535 536 537 538 539 540